Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дәрігерлерге жазылу жеңілдейді

Қазақстанда дәрігерлерге жазылу жеңілдейді

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Қазақстандықтар енді жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандардың қабылдауына жазыла алады. Елімізде емханалардағы медициналық көмек көрсету стандарттары өзгереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Денсаулық сақтау министрлігі емханада медициналық көмек көрсетуді жақсарту ұшін бұйрықтар мен стандарттарға өзгерістер енгізіп жатыр. Министрлік мәліметінше, наурыз айынан бастап мыналар жоспарланған: жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін 42 зерттеуге қысқарту олардың қолданылу мерзімін 10 күннен 14 күнге дейін және 1 айдан 3 айға дейін арттыру.
 Сәуір айынан бастап бейінді мамандарға тікелей жүгіну тәсілдері жетілдірілетін болады.
Пациент мына жағдайларда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз бейінді мамандарға жүгіне алады:
-шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
-шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
-тіркелген жері бойынша акушер-гинекологқа және психологтың қабылдаулары;
-онколог және онкогематологтың қабылдаулары;
-диспансерлік есепте тұрған пациенттерді кардиолог эндокринологтың, офтальмологтың, невропатологтың, хирургтің қабылдаулары;
-оны тағайындау бойынша бейінді маманның қайта қабылдауы;
-Жастар денсаулық орталықтарында мамандардың қабылдауы;
-жылжымалы медициналық кешендер мен басқа да мобилді қызметтердің қызмет көрсетуі кезінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар сәуірден бастап динамикалық бақылау тәртібі және жалпы практика дәрігері мен бейінді мамандардың бірлескен жұмыс алгоритмі қайта қаралады, бұл мультидисциплиналық тәсілді қамтамасыз етеді. Осы жұмыс аясында әрбір пациент үшін тексеру жеке айқындалады.
23 ақпан 2024 ж. 232 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930