Магниттік дауыл қаупі күшейе түсуде: Күнде қатты жарылыстар болды
Сурет: wikimedia/NASA
14 тамызда таңертең астрономдар күн сәулесіндегі қатты жарылыстарды тіркеді, оның күшінің көрсеткіші ең жоғары шкалаға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, жарылыс Күннің солтүстік жарты бөлігінде болған, бұл қазіргі күн циклі үшін орын алған әдеттен тыс жайт, осы уақытқа дейін барлық белсенділік экватордың оңтүстік бөлігінде шоғырланып келген еді.
"Жарылыс нүктесі дәл қазір Күн-Жер сызығында орналасқан (тек 2 градусқа ауытқу бар), яғни іс жүзінде күн дискісінің ортасында болған. Мұндай масса шығарындылары жағдайында ол Жерге сөзсіз әсер ететін болады. Алайда бұл факт ресми түрде әлі расталған жоқ. Осындай қысқа мерзімде Күннен бөлінетін шығарындылар жұлдыздан осындай қашықтыққа алшақтап үлгермейді. Демек, бұл процесс планетааралық кеңістікте байқала бермейді. Мұндайда ақпарат 1-2 сағаттан кейін келіп түседі", - деді сарапшылар.
Қазіргі уақытта Жердегі геомагниттік жағдай - орташа тұрақты.
"Магнитосфера 12 тамыздағы үлкен дауылдан кейін толығымен дерлік қалпына келді, бірақ әлі күнге дейін Күн желісінің қысымы жоғарылай түсуде. Эпизодтық бұзылулар тіркеледі. Күннің белсенділігі жағынан Жерге қатысты қауіп-қатері кем дегенде 2-3 күн сақталады", деп атап өтті зертханадағылар.
Бірқатар жарылыстан кейін күн рентгендік жарылыстарының Жер ионосферасына әсер ету деңгейінің ең жоғары (R5 - экстремалды) болатын бестік көрсеткіш шкаласы бойынша R3 (қатты) деңгейіне жетті, деп жазады ТАСС.