Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазгидромет сейсенбі, 13 тамызда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 33-35 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Түнде Алматы облысының таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 9-14 метр.
Түнде Жетісу облысының таулы аймақтарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр.
Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыста, солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз солтүстікте жел соғады, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Днем на западе, севере области Улытау небольшой дождь, гроза. Ветер юго-западный 9-14, днем порывы 15-20 метров в секунду. Температура воздуха ночью 16-21, днем 29-34 тепла. В Жезказгане переменная облачность, без осадков. Ветер юго-западный 9-14, днем порывы 15-20 метров в секунду. Температура воздуха ночью 16-18, днем 32-34 тепла.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, көктайғақ болады. Күндіз солтүстікте, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

13 тамыз 2024 ж. 204 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 85

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 89

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 55

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 104

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930