Синоптиктер 18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 тамызда елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.