Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дауыл, найзағай, жел»: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Дауыл, найзағай, жел»: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: belsat.eu
«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 4 тамызда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңлтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
04 тамыз 2024 ж. 319 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 134

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 192

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 159

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930