Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Олимпиадаға 660 млн доллар жұмсаса, Өзбекстан 160 млн доллар жұмсап басып озды

Қазақстан Олимпиадаға 660 млн доллар жұмсаса, Өзбекстан 160 млн доллар жұмсап басып озды

Фото: olympic
Қоржынында 8 алтыны бар Өзбекстан 13–орынмен жарысты аяқтады. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларына миллиард теңгеден астам қаражат төлейді. Төлемдер ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеліп, республикалық бюджеттен беріледі. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.
Қазақстан сыйақыны теңгемен емес, доллармен төлейді, одан қалды жүлдегерлермен қатар 4-6-орындар алған спортшыларға да сыйақылар қарастырылған.
1-орын - $250 000
2-орын - $150 000
3-орын - $75 000
4-орын - $30 000
5-орын - $10 000
6-орын - $5000
Командалық жарыстарда әр спортшы толық соманы алады, яғни мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтпаевтің екеуі де 75 000 доллардан алады.
Алтын - Елдос Сметов, 250 000 доллар (дзюдо, 60 кг)
Күміс - жалпы 450 000 доллар Нариман Курбанов (спорттық гимнастика)
Демеу Жадыраев (грек-рим күресі, 77 кг)
Нұрбек Оралбай (бокс, 80 кг)
Қола - жалпы 300 000 доллар
Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовкамен ату, 10 метр, микст)
Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо, 66 кг) Назым Қызайбай (бокс, 50 кг) Бесінші орындар - жалпы 60 000 доллар
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (бокс, 63,5 кг)
Айбек Оралбай (бокс, 92 кг)
Сәкен Бибосынов (бокс, 51 кг)
Абиба Әбужықанова (дзюдо, 48 кг)
Милад Карими (спорттық гимнастика, еркін жаттығу)
Әмір Маймұратов (құзға өрмелеу)
Алтыншы орындар - жалпы 36 000 доллар
Александра Ле (атыс, пневматикалық винтовка - 10 метр)
Руслан Курбанов (семсерлесу)
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы - командалық жарыс (Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов Ерлік Сертай) Осылайша, Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне 1 миллион 96 мың доллар, яғни 524 миллион 23 мың теңге береді. Дегенмен Қазақстан тек спортшыларға емес, олардың бапкерлеріне де сыйақы төлейді, берілетін қаражат көлемі спортшылардыкімен бірдей, тек ол сома бапкерлердің бәріне бөлінеді. Мысалы, Елдос Сетовтің жеке бапкері, алғашқы бапкері және құрама бапкеріне 250 000 доллар бөлінеді. Тиісінше жүлдегер спортшылардың бапкерлері 1 миллион 96 мың алады. Бұл дегеніміз, Қазақстан Олимпиада қорытындысы бойынша спортшылар мен бапкерлерге 2 миллион 192 мың доллар - 1 миллиард 48 миллион 47 мың теңге төлейді. Бір қызығы, құраманың Парижге дайындығына да 1 миллиард теңгедей жұмсалған.

«Ұлттық құраманы дайындауға және оның Олимпиада ойындарына қатысуына шамамен 980 миллион теңге жұмсалды», – деген еді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Елімізден бұл додаға 80 спортшы аттануы керек еді. Ұлттық құрама спорттың 25 түрінен 92 лицензияға ие болған еді. Алайда теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева аламанға қатысудан бас тартты. Екеуінің де денсаулығы сыр берген көрінеді. Төртжылдықтың бас додасының нәтижесінде медаль саны бойынша Қазақстан 43-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола – барлығы 7 медаль бар. Саңлақтарының даярлығына бізден төрт есе аз қаражат жұмсаған Өзбекстан төрт есе артық нәтиже көрсетті. Еншісінде 8 алтын, 2 күміс және 3 қола, яғни 13 медалі бар өзбек ағайындар жалпы есептк 13-орынға табан тіреді. Сөйте тұра Өзбекстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарына даярлық үшін 160 миллион доллар жұмсаған. Медаль саны бойынша алғашқы үштікте Қытай, АҚШ және Жапония тұр. Аспан асты елінде 40 алтын медаль бар. Құрама Штаттары 38, ал Күншығыс елі 20 алтын медаль жеңіп алған. Қоржынында 8 алтыны бар Өзбекстан 13-орында, ал 2 күміс, 4 қола алған Қырғызстан 68- орынға табан тіреді. Рейтингте барлығы 84 мемлекеттің жетістігі ескерілген.

12 тамыз 2024 ж. 98 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30