Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиададан медальсіз оралса да, спортшыларға бюджеттен миллиондар берілмек

Олимпиададан медальсіз оралса да, спортшыларға бюджеттен миллиондар берілмек

Қытайда өткен қысқы олимпиадада елімізден қатысқан 34 спортшының ешқайсысы медаль ала алмады.Соған қарамастан бюджеттен оларға 60 миллион теңге беріледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Олимпиадаға қатысқан спортшыларымыз бен жаттықтырушыларына республикалық бюджеттен 140 мың доллар төленеді. Бұл 60 миллион теңге. Vesti.kz сайтының мәліметінше, жазғы және қысқы Олимпиада жүлдегерлеріне төлемдер Қазақстан Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1435 қаулысымен реттеледі. Спортшы алтын алса 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қолаға 75 мың доллар алады. Сондай-ақ төртінші, бесінші және алтыншы орындарға ие болған қазақстандықтарға тиісінше 30, 10 және бес мың доллардан сыйақы беріледі. Осылайша, олимпиадада шорт-трекші Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта 4-ші орын алса, командалық эстафетада Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Ханмен бірлесе бесінші орынды иеленді. Нәтижесінде ту ұстаушы Абзал мемлекеттік бюджеттен 40 000 доллар (17,1 миллион теңге), ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) алады. Жалпы Бейжіңдегі қысқы ойындарда қазақстандық 34 спортшы 87 лицензия бойынша өнер көрсетті.
22 ақпан 2022 ж. 785 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031