Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі қиындайды

Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі қиындайды

Фото: uznayvse.ru
Қазақстанда Отбасы институтын нығайту және ажырасудың алдын алу бойынша жол картасы әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Құжатты дайындау барысында әртүрлі министрліктің мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және отбасылық қатынастар саласындағы сарапшылар жұмыс істейді. Астанада олардың алғашқы бірлескен отырысы өтті.

«Шешімдердің бірі неке қатынастарын реттеу жөніндегі іс жүргізу нормаларын қатаңдатуды көздейді. Сарапшылардың пікірінше, ажырасу процесінің жеңілдетілген автоматтандырылған жүйесі медиативтік жұмысты жүргізуді қиындатады», - делінген хабарламада.


Некенің дағдарыстық кезеңдерін еңсеру үшін мамандар ерлі-зайыптыларға пренатальды білім беру, саналы ата-ана болу, отбасылық өмір туралы кеңес беру үшін цифрлық платформа әзірлеуді ұсынады.


Пилоттық режимде Астана мен Шымкентте некеге дейінгі тегін кеңес беру жобасы іске қосылды. Дағдарыс кезінде отбасыларды қолдау шараларының бірі декреттік демалыстағы әйелдерге арналған оқыту курстары болуы мүмкін.


Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту үшін мамандар мектептер мен колледждерді оқыту бағдарламасына отбасылық тәрбие бойынша арнайы курстарды енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.


Жол картасына Қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығын нығайту жөніндегі шаралар да енгізіледі.

12 тамыз 2024 ж. 169 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930