Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назым Қызайбай: Үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді

Назым Қызайбай: Үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді

Фото: Тұрар Қазанғапов
Бокстан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарын қорытындылап, жазғы ойындардың өзі үшін сәтті аяқталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Назым Қызайбай 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда болашақ чемпион Ю Вуға есе жіберген болатын.

Жартылай финалда жеңілгенде ашуға ерік берген едім. Кеше финалдық жекпе-жекті қараған соң, өзімнің шын мықтыдан ұтылғаныма көз жетті. Мықтыны мойындау керек, қытайлық боксшы бұл салмақтағы ең үздік екенін дәлелдеді. Сондықтан, қола медальді өзім ұзақ күткен Олимпиададан адал еңбекпен алдым деп есептеймін. Меніңше, дайындық уақыты аз болып қалған сияқты. Лицензияны Азия ойындарында немесе Италиядағы іріктеу турнирінде алғанда, жағдай басқаша болар ма еді?! Таиландтағы іріктеу турнирінен соң толық дайындалуға уақыт аздық етті. Десе де, осы жетістігіммен де мақтанамын, - деп атап өтті боксшы.

Айтуынша, қола жүлдегер атанған соң, жан-жақтан құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

Өзім тек қана теледидардан көрген Геннадий Головкиннің өзі марапаттап, арнайы құттықтағанда қатты қуанып қалдым. Елге келген соң, өзімнің қандай іс тындырғанымды толық сезінетін шығармын. Бұл - менің алғашқы Олимпиадам. Жарақатым жоқ, бабымды жоғалтпадым. Сондықтан бүгін-ертең боксты қойып кетемін деп айта алмаймын. Қазақтан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанғым келеді. Екі дүркін чемпиондық атақ Серік Сәпиев пен менде бар. Ендігі мақсатым - әлем чемпионатының үшінші алтынын алу, - деді Қызайбай.
11 тамыз 2024 ж. 327 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 104

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930