Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі істер министрлігі қоғамдық көліктерге арналған жаңа жол ережесін түсіндірді

Ішкі істер министрлігі қоғамдық көліктерге арналған жаңа жол ережесін түсіндірді

Фото: t.me/kolikpress
Елді мекендердегі автобустардың жылдамдығына қатысты талаптар өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
.
Жол жүру қауіпсіздігін арттырып, елдегі жол жағдайын жақсарту мақсатында елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың 6 мамырынан бастап күшіне енді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56 пайызға өскен. Биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алды.

"Салонда 50 адам болған": Қазақстаннан Моңғолияға бағыт алған автобус өртеніп кетті
Алматыда тағы бір автобус апаты болды: Көз жұмғандар бар
“Автобустар көлемінің үлкендігі мен жолаушылардың көп шоғырлануына байланысты басқа көліктермен салыстырғанда айтарлықтай қауіпті. Олардың жоғары жылдамдықпен жүруі зардабы ауыр жол апатына әкеп соғады. Сондықтан елді мекендерде олар 50 км/сағат жылдамдықпен жүруі керек деген шектеу шаралары қабылданды. Аталған өзгерістер қоғамдық талқылаудан өтті. Яғни бұл бұйрық 2023 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында “Ашық НҚА” порталында жарияланды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда автобус жүргізушілеріне талаптарды жеңілдететін заңға қол қойған еді.
07 тамыз 2024 ж. 121 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930