Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада «гармошка» автобустардың саны артады

Елордада «гармошка» автобустардың саны артады

Астанада «гармошка» автобустардың саны артады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен кейін қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Алдымен, Бекмырза Игенбердинов шаһардағы жолаушыларға лық толған автобустар мәселесін қалай шешіп жатқанын түсіндірді.
«Күн сайын мен жолаушылары 90%-ға толған автобустар бойынша талдау жүргіземін. Біздің мақсатымыз автобустардағы толымдылық көрсеткішін 70-80%-ға дейін азайту. Себебі, бұл бақылаушылардың жұмысын жеңілдетеді әрі жолаушыларға да қауіпсіз болады. Яғни бұл көрсеткішке жетсек, адамдар автобуста қысылмай тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, Жолаушылар көлігі басқармасы қосымша рейстерді ашып, маршруттарды өзгертіп жатыр екен. Басшы қала халқының саны да жыл сайын артып келе жатқанын айтып өтті.
«Алайда қаланың аумағы да кеңейе түсуде. Қазіргі таңда қалада 1 млн 200 мың адам тұрады. Біз ескі автобустарды алып тастап, жаңа қоғамдық көліктерді сатып алудамыз. Қосымша экспресс бағдарларды енгізіп, №10, 12 автобустарға түсетін жүкті аз да болсын жеңілдетіп отырмыз. Бұл бағытта жұмыс жалғасын тауып жатыр», - деді Бекмырза Игенбердинов.
Сонымен қатар, ол алдағы уақытта қалада «гармошка» автобустар санының артатынын хабарлады.
«Биыл автобус парктерін жаңарту көзделуде. Күн сайын автобус парктерінің жетекшілерімен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жылы 380 жаңа автобус сатып алдық. Қазіргі таңда бюджеттегі қаржыны есептеудеміз. Автобустарды сатып алуға бөлінетін қаржы қалалық немесе республикалық бюджет есебінен болады. Оған қанша қаржы жұмсалатынын көктемде білеміз. Ашығын айтқанда, алдағы уақытта «гармошка» автобустарға баса мән беру қарастырылған», - деп түйіндеді сөзін Бекмырза Игенбердинов.
baq.kz
08 қаңтар 2018 ж. 1 147 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031