Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтап қалады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, солтүстік және шығыс облыстарда дауыл, республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Алматы, Қарағанды облыстарында, Жетісу, Абай облыстарының шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе қаласының орталығында, Атыраудың солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде және Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.