6,1 млрд теңгенің дәрі-дәрмек қоры 2 айға жетеді – Цой
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов Жол картасындағы әр өңірге тиесілі дәрілік заттар бойынша сұрақ қойды. Қордағы қажетті дәрі-дәрмектің санын сұрады.
Бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Қазіргі таңда бізде 2 айлық дәрі-дәрмектің резерві бар. Оның көлемі 6,1 млрд теңге. Ол айына 60 мың науқастың қажетттілігін қамтамасыз етуге жетеді. Қаңтарда 16 мыңа жуық науқас стационарда емделді. Бізде резерв артығымен бар. Қазіргі жағдай бойынша екі ай емес, 5 айға дейін дәрі-дәрмекті жеткізуге болады, - деді Цой.
Министр өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы дәрі-дәрмек көлемі бар екенін айтты.
Тұрақтандыру қорыларында 17 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бар. «СҚ-Фармация» қосымша 3,1 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алуды жоспарлап отыр, қоймаларда коммерциялық дәріханаларға арналған резерв бар. Бұл мәселе үнемі бақылауда. Қосымша дәрі-дәрмек қажеттігін реттеп отырмыз. Қазақстан өңірлерінде қажетті дәрі-дәрмектердің қосымша тізімін алу бойынша режим бар, - деді ол.
Айта кетейік, Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқыланып жатыр.
baq.kz