Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото: Pixabay
Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады, деп жазады Tengri Life.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз - жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар тамызда небәрі 5 күн демалады.

Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі:
4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
10 тамыз - Абай күні;
11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
18 тамыз - Шекарашылар күні;
25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтерлер күні;
29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
17 шілде 2024 ж. 168 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031