Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кімдер тегін тамақ және дәрімен қамтылады?

Кімдер тегін тамақ және дәрімен қамтылады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл жоба пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың кейбір санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтерді іске асырып келе жатыр.

"Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды", - деп жазылған хабарламада.

"Әлеуметтік әмиян" EGOV қосымшасында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау құралдары мен шараларын жинақтау арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған. Бұл жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін бұл өнім еліміздің барлық азаматына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр", - деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

Бұдан басқа, "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр.


31 шілде 2024 ж. 319 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031