Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік органдар жыл басынан бері 190-ға жуық кәсіптік стандарт әзірледі

Мемлекеттік органдар жыл басынан бері 190-ға жуық кәсіптік стандарт әзірледі

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган кәсіптік стандарттар тізіліміне еңбек нарығында неғұрлым талап етілетін кәсіптер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар әзірлеген 189 жаңа кәсіптік стандартты енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта тізілімде барлығы 4510 кәсіпті қамтитын 838 кәсіптік стандарт бар.

Жаңа кәсіптік стандарттарды әзірлеу қажеттілігін айқындау немесе қолданыстағы кәсіптік стандарттарды қайта қарау жөніндегі жұмысты мемлекеттік органдар жанындағы 50-ден астам салалық кеңес жүргізеді. Олардың құрамына 900-ден астам адам кіреді, олардың ішінде мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, салалық бірлестіктердің (қауымдастықтардың, одақтардың), оқу-әдістемелік бірлестіктердің және т. б. өкілдері бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар 54 салалық біліктілік шеңберін (бұдан әрі – СБШ) әзірледі және өзектендірді, олар орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, іскерліктер мен құзыреттердің сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды қамтиды.

Кәсіптік стандарттар мен СБШ әзірлеу және өзектендіру жөніндегі жұмыс Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган тұрақты негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеудің негізгі принциптері мен кезеңдерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді.
25 шілде 2024 ж. 154 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30