Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Париждегі көшелерге қазақ боксшыларының суреті ілінді

Париждегі көшелерге қазақ боксшыларының суреті ілінді

instagram.com/boxingkazakhstan
25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.
Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж төріне ілінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Атап айтқанда, қазір Париж көшелерінде Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы тұр.
Еске салсақ, қазақ боксшылары Парижге 21 шілдеде аттанған болатын. 25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.
Бұл жолы Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова үш салмақта шаршы алаңға шығады.



23 шілде 2024 ж. 354 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031