Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапкер - 2024: грантқа өтінім берудің аяқталуына бір күн қалды

Талапкер - 2024: грантқа өтінім берудің аяқталуына бір күн қалды

© Sputnik / Айсулу Жумагулова
20 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түсті, деп хабарлайды жоғары білім және ғылым министрлігі.
Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (38 мың), Астана (20 мың) және Шымкент (6 мың). ️
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар" (25 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (16 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (13 мың) қалып отыр. ️
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" - 11 мың. Ары қарай "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында "Шет тілі мұғалімдерін даярлау", оны 4 мың талапкер таңдаған. ️ Талапкерлердің назарына, грант конкурсына өтініштер қабылдау барлық өңір талапкерлері үшін 24 шілдеге дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
23 шілде 2024 ж. 177 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 152

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031