Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда қырыққұлақтың жаңа түрі анықталды

Қытайда қырыққұлақтың жаңа түрі анықталды

Фото: alvareznursery.com
Қытайлық зерттеушілер Оңтүстік Қытайда қырыққұлақтың жаңа түрін анықтап, оны Cyrtomium adenotrichum деп атады, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Гуанси қытайлық медицина және фармацевтика институтының мәліметінше, зерттеушілер Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы (GCAR, Оңтүстік Қытай) Хэчи қаласындағы Наньдань уезіндегі жартастардың бірінен жаңа түрдегі 10-ға жуық жабайы өсімдікті анықтады.

Жақында PhytoKeys ботаникалық классификациясының халықаралық журналында жарияланған зерттеу нәтижелері Cyrtomium adenotrichum усасыр (Dryopteridaceae) тұқымдасының Циртомиум (Cyrtomium) тұқымына жататынын көрсетті. Табылған өсімдіктің биіктігі 5-тен 15 см-ге дейін жетеді.

«Қырыққұлақтың бұл түріне тән белгілердің бірі – жапырағының негізгі тамырындағы безді түктердің аз болуы. Бұл бірегей құрылым оны Циртомиум тұқымдас өсімдіктердің басқа түрлерінен ерекшелендіреді», - деп атап өтті ғалымдар.

Қырыққұлақтың осы жаңа түрінің сирек кездесетіндігін, аз популяциясын және тіршілік ету ортасының нәзіктігін негізге ала отырып, зерттеушілер оны Халықаралық табиғатты қорғау одағының жойылып кету қаупі төнген түрлердің Қызыл тізіміне енгізілген критерийлер бойынша жойылып кету қаупі төнген түрлер қатарына жатқызды.

Зерттеушілердің айтуынша, алдағы уақытта бұл түрдің биологиялық, экологиялық және емдік құндылығы жөнінде зерттеулер жүргізілетін болады.
17 шілде 2024 ж. 54 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30