Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар қазақстандықтар цифрлық кәсіптерге тегін оқи алады

Мүгедектігі бар қазақстандықтар цифрлық кәсіптерге тегін оқи алады

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ іске асыратын «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында мүгедектігі бар жастарға арналған оқыту лагері жұмысын бастады, деп хабарлады Halyq Uni.

Лагерьге қатысушы жастар цифрлық кәсіптерге No code әзірлеу, UX / UI design және AI мамандығын игеру сияқты үш бағыт бойынша оқытылады және оларға жұмыс іздеуде жәрдем жасалады. Бұл оқыту курстары қазақ, орыс тілдерінде және ымдау тілінде өтеді. Жобаға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам өтінім келіп түсті. Сұхбат қорытындысы бойынша әртүрлі мүгедектік топтары бар 18 жастан 35 жасқа дейінгі 180 адам іріктелді. Олардың көпшілігі – студенттер.

Soft skills икемді дағдыларды дамыту жөніндегі екі күндік лагерь – оқытудың алғашқы қадамы. Онда табысты кәсіби қызмет үшін қажетті коммуникативтік дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді, эмоционалды интеллектті, сондай-ақ басқа да негізгі құзыреттерді дамытуға арналған қарқынды бағдарламалар қарастырылған. Лагерь тек Астанада ғана ұйымдастырылып қоймайды. Шілденің соңында басқа өңірлерден де қатысушылар Алматыға жиналады.

Бұдан кейін онлайн форматта оқыту басталады. Ол осы жылдың қарашасына дейін жалғасады. Лагерь қатысушылары оқу барысында түйіндеме жасау, жұмыс іздеу бойынша онлайн-платформалармен жұмыс істеу, әңгімелесуге дайындық бойынша қосымша ұсыныстар алады.

«Қазақстанда 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр. 2023 жылы БҰҰ-ның Мүгедектердің құқығы туралы конвенциясына Факультативтік хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның ішінде: мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру. Қазір біздің министрлік Инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Оны іске асыру әрбір азаматтың дамуындағы жекелеген ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты өмір сүруіне және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндей қоғамды қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл қайырымдылық жобасы мүгедектігі бар адамдарға цифрлық кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды тегін алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, – деді Светлана Жақыпова.

Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда 725 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 58%-ы – еңбекке жарамды, 26,9%-ы – зейнеткерлік жаста, 15,1%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар.
15 шілде 2024 ж. 361 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 146

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031