Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөлік өндірісі туралы заң әзірлеу қажет – Олжас Құспеков

Автокөлік өндірісі туралы заң әзірлеу қажет – Олжас Құспеков

Фото: gov.kz
Алматыда «ҚР Халқы кәдеге жарату және алғашқы тіркеуге қарсы» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков автокөлік және ауылшаруашылық техникаларын шығаратын зауыттарда 5 рет көшпелі отырыс өткенін мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша Үкімет тарапынан шешуді қажет ететін бірнеше мәселе анықталды.

«Біріншіден, утилизацияны өндірістен ажырату керек. Бұл – экологиялық мәселе. Осы өтініштерді қарау аясында біз Индустрия министрлігінің утилизацияның не үшін қажет екенін түсіндіріп жатқанын көрдік. Бұл – экологияға қатысты мүлде басқа мәселе, сондықтан оны тұжырымдамалық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да бөлу қажет», - деп есептейді депутат.

Оның айтуынша, елде қоршаған ортаны ластайтын, қоқысқа толы полигондар бар.

«Утиль алым жүйесіне қатысты сұрақтар әлі де бар. Жинауға және утилизацияға қарамастан, бізде әлі де қоршаған ортаны ластайтын, қоқысқа толы полигондар бар. Бұл жерде «Жасыл даму» қоры өз жұмысын ашық көрсетіп, жақын арада қалдықтарды өңдейтін зауыттар жұмысының нәтижесімен халықты таныстыруы керек деп ойлаймын», - деді Олжас Құспеков.

Депутат техникалық регламентке қатысты сұрақтар бар екенін де тілге тиек етті.

«Елде техникалық регламентке сай келмейтін көліктер қалай пайда болады? Бұл – америкалық өндірушілер, бұл қазіргі уақытта нарықта бар оң жақ рульді көліктер. Бұл жол-көлік апаттарын арттырады және өлім-жітімді көбейтеді. Сондықтан дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, автокөлік өндірісі туралы заңды әзірлеу қажет», - деді ол.
15 шілде 2024 ж. 292 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031