Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылым министрлігі талапкерлер ең көп құжат тапсыратын ЖОО-ларды атады

Ғылым министрлігі талапкерлер ең көп құжат тапсыратын ЖОО-ларды атады

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында талапкерлер ең көп құжат тапсыратын жоғары оқу орындарын атады.

Ведомствоның дерегі бойынша, республикада 120 ЖОО жұмыс істеп тұр. Оның 11-і ұлттық, 29-ы мемлекеттік, 14-і азаматтық емес (әскери, құқық қорғау мамандарын даярлайтын) 1-уі автономды, 1-уі халықаралық, 16-сы акционерленген, 48-і жеке меншік.

«Бүгінде Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалаларда орналасқан танымал жоғары оқу орындарының тізімі өзгеріссіз қалып отыр. Оның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумелев атындағы ЕҰУ және өзгелері бар», - деп жазылған жауапта.

Өңірлік жоғары оқу орындарының ішінде шетелдік университеттердің филиалдары ашылған ұйымдардың бәсі жоғары екені де айтылған.

«Стратегиялық серіктестік аясында барлық өңір оқу орындарында жетекші шетелдік ЖОО-лардың филиалдары ашылып жатыр. Олардың бәрі жастардың үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Мысалы, былтыр М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ашылған Аризона университетінің филиалына 18 өңірден талапкерлер келіп түсті», - дейді министрліктегілер.
15 шілде 2024 ж. 193 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930