Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әскерилер әскерден қашу себебін ата-анасын сағынғанымен түсіндіреді

Қазақстандық әскерилер әскерден қашу себебін ата-анасын сағынғанымен түсіндіреді

Фото: gov.kz
Қарулы Күштер бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов неліктен жастар әскери қызметтен қашады деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүсіповтың айтуынша, оның басты себебі, сағыныш.
"Мұның бәрі отбасында, тәрбиеде. Оларға үлкен қамқорлық жасалады. Біз сауалнамалар сияқты түрлі іс-шараларды жүйелі түрде өткіземіз. Тіпті сарбаздар бөлімшеден рұқсатсыз кетіп қалған фактілер болған. Олар қашып кету себебін жақындарын – анасы мен әкесін сағынғандықтан деп түсіндіреді", – деді Жүсіпов.

Оның айтуынша, жыл сайын 30 мыңнан астам азамат Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдарға міндетті әскери қызметке шақырылады. Заңға сәйкес, шақыру қағазын алып, учаскелut келмеген азаматтарға айыппұл салынады.

"Қызмет еткісі келмейтіндерге айтарым, бұл – өз Отанын қорғау және конституциялық парыз. Осы санаттағыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халқымыздың әдет-ғұрпы мен әскери дәстүрлерін түсіндіреміз. Қызмет көрсетуден жалтаруға тырысқандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ біз мұндай шараларға бармауға тырысамыз. Жыл өткен сайын азаматтарымыздың, жастарымыздың санасы артып келеді. Олар Отанды қорғау керегін түсінеді", – деді ол.

Ол қазір әскери борышын өтеп жүргендер үшін бірқатар жеңілдіктер бар екенін еске салды. Олардың қатарында білім гранттары мен кредиттік демалыстар бар.

Сондай-ақ спикер әскери қызметтен бас тарту себебі ретінде БАҚ беттерінде шығып жатқан келеңсіз фактілерді мысалға келтірді.

"Келеңсіз жағдайлар болғанымен, ол БАҚ беттерінде басқаша көрсетілуі мүмкін. Әскерде әлімжеттік бар деп жиі айтады. Күзгі және көктемгі әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылғандар бөлек тұратынын түсіндіруге тырысамыз. Бұл бұрыннан қалыптасқан. Егер жатақхана болса, онда тек сол мерзімді әскери қызметшілер ғана бар. Біз оларды ешқашан араластырмаймыз. Олай болса, "әлімжеттік" деген сөзден аулақ болуымыз керек. Қазіргі жастар білімді, оларға барлық жағдай жасалған. Ұялы телефон арқылы туыстарымен сөйлесуге рұқсат етілген", – деді Сәкен Жүсіпов.

14 шілде 2024 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031