Әлеуметтік желі: «Tik tok» ерекшелігі
Әлеуметтік желілер арасында заман талабына сай, танымалы «Tik tok» желісі десек қателеспейміз. Осы желі жастарға біраз мүмкіндікті қамтуда. «Tik tok» желісі аса танысты талап етпейді. Видеоролик жүктесеңіз бір күнде танымал, сұранысқа ие болуы ғажап емес.
Қазіргі таңда бизнестің маркетингтің көзі болып отырған бұл желіде жұмыс, киім, үй, тіпті азық-түлікті де таба аласыз. Жарнаманың көзі десем де қателеспеймін. «Tik tok» желісі арқылы көп адамның жұлдызы жанып актер, актриса, тележүргізуші, әнші болып жатқандары қаншама.
Мәселен, қойшы баланы алайық. Егер оның видеосын желіге салмағанда мүмкін оны ешкім танымас па еді. Айшолпан есімді блогер өзінің ерекше сөйлеу манерасы және харизмасымен 15 миннуттық видеолар салып, қазіргі таңда сұранысқа ие.
Ең бірінші болып, барлық жаңалық жылдам салынатын да осы «Tik tok» желісі. 2018 жылдың жазында іске қосылды. Бүгінде барлық елдерде танымал. Ең жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желілердің бірі. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні әлемнің 150 елінен 500 миллионнан астам адам қолданады. Желінің негізгі аудиториясы ретінде жасөспірімдер саналады. Алайда Қытайда қолданушылардың 60 проценті 25-44 жас аралығында, ал өзге жерлерде 24 жастан асқан қолданушылар саны 43 процентті құрайды.
2017 жылдың 9 қарашасында «ByteDance musical.ly» әлеуметтік желісін сатып алып, 2018 жылдың 2 тамызында оны «TikTok» деп бекітті.
Телефонға түсірген қолданушыға қарағанда фотограф жақсы фотосуреттер мен бейне жариялау арқылы ақша таба алады. Егер өз өміріңіз туралы бейнетаспа түсіріп қана қоймай, өз дағдыларыңызды көрсете аласыз. SMM, маман журналист, маркетологтар ақылы түрде сценарий жазуына болады. Белгілі бір бренд өкілі болсаңыз, қомақты қаржыға кенелесіз. Компания басшылары тек белсенді аудиториясы бар блогерлерге ақы төлеуге дайын.
«TikTok» мобильді қосымшасы арқылы видеоның фондағы музыкасын тездетуге, баяулатуға және түрлі фильтрмен өңдеуге болады. Танымал әндерді синхрондап, қысқа бейнелер түсіре алады. Видеоны жүктеп, басқа әлеуметтік желілерде бөліседі.
«Реакция» режимімен басқа бейнелерді көргенде қандай әсер алғаныңызды көрсете аласыз. Ал «дуэт» режимі екі бейнені көлденең қосуға мүмкіндік береді. Кей бейнелерді «тек достар көре алатын» немесе «жеке» деп таңдауыңызға болады.
«Ұсынымдар» парағы – бейнелер ағымы. Пайдаланушылардың қызығушылықтары мен қалауларына сәйкес бейнелер ұсынылады. TikTokтың ережесі бойынша ұсынымдарға тек 16 жастан бастап шыға алады. 16 жасқа дейінгі пайдаланушылар хэштег, трэндті қолданса да көрсетілмейді. TikTop-free, VkTarget, UNU қосымшалары «TikTok» аккаунтыңызды дамытуға көмектеседі.
Айгерім РУСЛАНҚЫЗЫ