Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үрейлі үйдегі белгісіз әуен

Үрейлі үйдегі белгісіз әуен

Жаңа үйге кіріп жатқандарға «арымасын» айтып кетіп жатқан ағайындардың бірі: «Үйдің оттысынан құттысы артық» деген. Құтты қоныс болсын!» дегені сол еді, манадан үнсіз отырған туысымыз әңгімеге араласты.
– Сөзіңіздің жаны бар. Бабаларымыздан даналық артылған ба, естіп отырып, бір оқиға есіме түсіп кетті, – деді.
– Қандай оқиға? – деп киліктім көптен ұят болса да.
– Бұрын ауылдың қаракөл қабылдайтын пункті болған. Ұзақ уақыт бос тұрған бұл нысанды біздің қойшылар отбасына үй етіп бергеніне, алғашында қатты қуандық. Сол кездегі өлшеммен алғанда, кең, биік, бөлмелер саны да жеткілікті. Өзіміз «зілмәңке» дейтін жер астынан қазылған панамызға қарағанда өте жақсы, мектепке жақын, бастысы, ауыл арасында. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады, – деді Гүлзира апа.
– Кейін не болды? – дедім қызығушылығым артып.
– Сол үйде тұрғанымызда, ұйықтасақ бәріміз бас­тырылып шығамыз. Күні бойы мал мен үйдің арасында жүремін деп әбден сілікпесі шыққан анамыз шай ішіп болысымен, «іңірұйқыға» көз ілініп кете барады. Жастыққа басы тигені сол екен, түсініксіз әуенмен ыңылдай бастайды. Әнге де келмейді, қиналған дауысқа тағы ұқсамады. Кіші інілерім қызық көріп: «Апамның кәнсерті басталды. Алдыңғы қатардан билет бар» дейді ондайда. Отанасында қайдан толық ұйқы болсын, 5-7 минуттан кейін-ақ басын көтеріп, үй шаруасына кірісіп кетеді.
Апамнан кейін әуендететін әжеміз. Ол кісінің аузынан әуен де, сөз де, кейде Құран аяттары да кетеді. Бойжетіп қалған маған төргі бөлмеге жапсарлас шағын жер бұйырды. Темір керует, шағын шкаф, айна қойып, өзімше меншіктеймін. Таңертең ұйқыдан тұрсам, анам ренжіп сөйлейді. «Әп-әйдік қыз болған жоқсың ба, соншама ұйқың қатты болатыны не? Қыз бала сәл сақтау жатпай ма? Тұрмысқа шықсаң да осылай етесің бе?» – деп. Басында мән бермедім. Естуімше, бәрінен қорқыныштысы мен болып шықтым.
Күн сайын қым-қиғаш қорқынышты түстер көремін. Бірде ібіліс, бірде аруақтар, бірі денемді бөлшектеп жатса, бірі басқа жаққа баруға мәжбүрлеп жатады. ...Әйтеуір мына өмірдің көріністері емес. Әжем «біссіміллә» дегенді айтып жатшы дегенді жиі айтатын болды.
Жұрт ұйқыға жатқанда, қатты дауыстап, айкезбелер сынды төсегімнен тұрып, далаға қарай қашатын көрінемін. Анамның сөйлеп жүріп, аяқ астына дымқыл шүберек жаятын себебі де осыған байланысты болды. Ұзамай, ұзатылып кеттім. Үйдегілер де ол орында ұзақ тұрмады. Совхоз жұмысшыларға арнап баспана салғанында, солардың бірі біздің отбасына бұйырды. Әжем мен апамның «әуені» ол үйге барғанда естілмепті.
Алла өзі сақтады ма, қазіргі тілмен айтсақ, қорғаныс қабатымыз қалың болды ма, кім білсін, үрейлі үйден аман-есен құтылдық. Бізден кейін қоныстанғандар мен жатқан бөлмеден шағын жертөле қазбақ болғанда, жас қыздың мәйіті табылыпты, – деп аяқтады сөзін.
Айкөркем ЕРКІН
06 шілде 2024 ж. 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031