Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Еуропа чемпионатының 1/4 финалында үздік құрамалар кездеседі

Бүгін Еуропа чемпионатының 1/4 финалында үздік құрамалар кездеседі

Фото: uefa.com

Бүгін, 5 шілдеде футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Испания мен Германия және Португалия мен Франция құрамаларының жолдары түйіседі. 

Кешкі сағат сағат 21.00-де Испания мен Германия шеберлік байқасады. Кездесу Штутгарт қаласындағы «МХП» стадионында өтеді. Ойынға танымал төреші Энтони Тэйлор төрелік етеді. 
Қос құрама да өз топтарында үздік ойын өрнегін көрсетіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Испания бұл жолы ширек финалда турнир қожайындарын жарыс жолынан шығаруға тырысады. Ал, немістер өз жерінде өтіп жатқан доп додасында жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшін салады. 
Түнгі сағат 00.00-де Португалия мен Франция кездесуі басталады. Ойын Гамбург қаласындағы «Фолькпаркштадион» стадионында өтеді. Ойынға бас қазы Майкл Оливер төрелік етеді. Аталған матчта жанкүйерлер әлемнің үздік ойыншыларының бірі, футбол турнирлерінің бірнеше рекордын жаңартқан, 39 жастағы Криштиану Роналду мен футбол әлемінде өзіндік ерекше ойынымен дараланып жүрген, желдей жүйіткіген Килиан Мбаппенің арасындағы текетіресті тамашалайды. 
Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 
Айта кетейік, Еуропа чемпионаты Германияда өтіп жатыр. 
05 шілде 2024 ж. 522 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031