Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мектеп құрылысының жұмысы қадағаланды

Жаңа мектеп құрылысының жұмысы қадағаланды

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов ауданға сапары барысында партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан Әйтеке би кентінің Достық көшесіндегі мектептің құрылыс алаңында болды.
Онда 250 орындық мектептің құрылысын жүргізіп жатқан мердігермен және тапсырыс берушімен нысанды пайдалану уақытын кешеуілдетуге қатысты туындаған мәселелерді талқылады. Білім ошағының құрылысын «SCS инжиниринг» ЖШС жүргізуде.
– Мектеп құрылысының жоспар бойынша пайдалануға беру уақыты мердігер мекеменің жауапсыздығынан өтіп кеткен. Нысан партияның сайлауалды бағдарламасында қаралғандықтан, партиямен тікелей толық бақылауға алынған. Құрылыс нысандарын аралаудағы негізгі мақсатымыз - жасалып жатқан жұмыстарды өз көзімізбен көріп, проблемалық мәселелерді анықтап, бақылауға алу, – деген Мархабат Жайымбетұлы тапсырыс беруші облыстық құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасының өкіліне сапасына мән бере отырып қадағалауды тапсырды.
#AMANAT
22 тамыз 2023 ж. 391 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 160

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031