Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда банкроттық бойынша 102 мың адам арыз берген

Қазақстанда банкроттық бойынша 102 мың адам арыз берген

Фото: Ortkom
ҚР Қаржы министрлігі банкроттықты тану бойынша рәсімдер онлайн-форматта жүргізілетінін мәлімдеді. ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды жүзеге асыру барысына тоқталды. Заң 2023 жылдың 3 наурызында күшіне еніп, азаматтардан өтініштер қабылдана бастады.

«Алты ай тексеріс жүргізіліп, бірінші азаматтар 2023 жылдың қыркүйегінде банкрот деп танылды. Барлық процесс онлайн форматта жүргізіледі. «Жеке тұлғалардың банкроттығы» деп аталатын ақпараттық жүйе әзірленді. Ол жүйе бойынша әр арызданушы арызының қай жерде қаралып жатқанын көреді және арыз қайтарылған жағдайда, оның негіздемесімен таныса алады. Процесстің автоматты түрде жүргізілуіне байланысты қағаз құжаттарды МКК тапсыру талаптары азайтылды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, Біржанов мәліметінше, соттан тыс банкроттық бойынша 102 мың адам арыз берген. Алайда осы рәсімнің критерийлеріне сәйкес болмағандықтан оның көп бөлігі кері қайтарылған.
Мысалы, азаматтың атында мүлік болса, соттан тыс банкроттық рәсіміне қатыса алмайды. Атап айтқанда, егер азаматтың мүлкі болса, ол соттан тыс банкроттық рәсіміне қатыса алмайды. 34 мың азаматтың мүлкі болған - бұл қабылданбаған арыздардың шамамен 44%-ы. 8 мың арыз бойынша соттан тыс банкроттық шегі артық болған.

«Бұдан басқа соттық режимде де арыздар қаралды. Ол арыздар бойынша 12,2 млрд қарыз кешірілді. Екі процедура бойынша кешірілген сома 40 млрд құрайды», - деді спикер.

26 маусым 2024 ж. 164 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031