Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағы бір құжатты цифрлық нұсқада алуға болады

Қазақстанда тағы бір құжатты цифрлық нұсқада алуға болады

Фото:depositphotos.com
Қазақстанда тағы бір құжаттың цифрлық нұсқасы шықты. Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толыққан. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.

"Биылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы Bilim сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады", - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Еске салайық, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында Bilim жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастаған еді.
12 маусым 2024 ж. 258 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031