Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Mansap Navigator 1.0» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Қызылордада «Mansap Navigator 1.0» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Mansap Navigator 1.0» түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Университеттің Басқарма мүшесі-Ректор Бейбіткүл Каримова түлектерге сәттілік тілеп, жұмыс берушілерге алғысын білдірді.
«Түлектерді жұмысқа орналастыру жоғары оқу орындары жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші. 2023 жылғы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін бітірген түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 83% құрады. Бұл өз кезегінде түлектеріміздің жоғары сұранысқа ие екендігінің дәлелелі. Бітіруші түлектермен жыл бойы университеттегі барлық білім беру бағдарламалары мен Рекрутинг және мансап басқармасының мамандары тығыз жұмыс жасады. Атап айтқанда, форсайт сессиялар, жұмыс берушілермен кездесулер, дөңгелек үстелдер, қонақ дәрістер, ашық есік күндері, вебинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, психологиялық қолдау орталығында түлектер жеке кеңестер алды. Мұндай шаралар түлектер үшін де, жұмыс берушілер үшін де маңызды» деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Биылғы оқу жылында университетте 2692 түлек оқуын аяқтады. Олардың ішінде бакалавриат бағыты бойынша 2299, магистратура бағыты бойынша 383 және докторантура бойынша 10 түлек бар. Басты мақсат барлығының тұрақты жұмыс табуына қолдау білдіру.
"Mansap Navigator 1.0" жәрмеңкесі де - осы мақсаттарға жетудегі маңызды қадамдардың бірі. Бос жұмыс орны жәрмеңкесінде түлектерге 28 жұмыс беруші 90 бос жұмыс орындарын ұсынып, сұрақтарына жауап берді. Университет әрқашан түлектердің еңбек нарығындағы сұранысқа сай маман болуына баса назар аударады.

Қорқыт ата университетінің Медиа орталығы

07 маусым 2024 ж. 229 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031