Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сумин тасқын тоқтағанын хабарлады

Сумин тасқын тоқтағанын хабарлады

Фото: dzen.ru
Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Қоймаларда жиналған қарғын су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберілмек. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Министрлік хабарлағандай, көрсеткіштерге назар салсақ, тасқын судың сабасына түскені аңдалады.
«Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы”, деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.
«Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі», - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
06 маусым 2024 ж. 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30