Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғасыр құрдасының ғибраты

Ғасыр құрдасының ғибраты

Осыдан үш-төрт жыл бұрын мешітте кезекшілікте отырғанымда 90 жастан асқан кейуана «Маған қазақша жазылған Құран кітап тауып беруге көмектесші» деген өтініш білдірді. Жасы үлкен, өз ортасына сыйлы ананың өтінішін қалай орындамайсың? Әрі Алланың кәламы қасиетті Құран кітабын сұрап тұр. Бас имамнан қазақшаға аударылған Құран кітабын алып, апаға апарып беріп, батасын алып қайтқан едім.
Жан-жақты, көпті көрген апаның айтқан сөздері мені бірден бау­рап алды. Жолда кетіп бара жатып Құранды қандай тазалықпен ұқыптылықпен ұстаудың, оқудың жолдарын өзімше түсіндіремін ғой деп ойлағанмын. Мен сөзімді бастамай жатып-ақ апа Қасиетті кітапты қалай пайдаланудың жолдарын шексіз шипасы мен шарапатын, еселенген сауабын айта бастағанда құдды діни ғұламалардан дәріс алып тұрған шәкірттей ұйып қалдым. Бұрыннан бұл кісінің дайындығының, ынтасы мен ниетінің дұрыстығына, жан-жақтылығына риза болып сүйсінген едім.
Бұл апамыздың есімі – Үрпатша. Ол биыл тағы да телефон арқылы хабарласып: «Мен кирил әрпімен Құранды оқып жүрмін әрі қазақша аудармасында оқып жүрген едім. Бір діни кітаптан Құранды қате оқығанның күнәсі ауыр екенін оқып, қорқып қалдым. Мен үлкейіп кеткен адаммын. Тілімнің дұрыс келтіре алмайтын жерлері бар-ау деп қауіптеніп отырмын. Құран Жаратушы Иеміз Алланың сөзі ғой, қарағым. Мен енді не амал жасасам екен, сені өзімсініп ойласып отырғаным» деді апамыз. Мен мешітке келіңіз, білікті діни ұстаздар, қарилар бар. Әйелдерге әйел ұстаздар дәріс береді. Бірақ сіз тоқсаннан асқан кейуанасыз келіп кету жағы қалай болар екенін айтып, мешіт ұстазының телефонын да бердім. Сөздің қысқасы бұл апамыз 21 күнде қасиетті Құранды араб әрпімен толық оқи алатындай дәрежеге жетіп, діндарлар қауымын қуантты.
Дәріс алушылар мен ұстаздар, имамдар бұл өте сирек кездесететін жағдай ғой деп 93 жастағы кейуананың зеректігіне, алғырлығына таңырқады. Бұған сүйсінгендер санасынан ойы­нан керек емес дүниелерді алып тастап басқа ойларды таза ысырып қойып, тек қана қасиетті Құранға шынайы көңілімен, ниетімен берілген деген тоқтамға келді. Алла Тағала кейуанаға деніне саулық, қуат, ізгі амалдарына сауаптан жаза гөр, өзгелерге жұғысты ете гөр, тіл сұқтан, көзден аман сақтағай деп сүйсіндік.
Үрпатша Ықыласқызы 1932 жылы сол кездегі 7-ші ауылдық Кеңес Сталин колхозында (қазіргі Бозкөл ауылы) дүниеге келген. 1950 жылы Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептен 10-шы сыныпты бітірген. Ақтөбе қаласындағы әйелдер педагогикалық институтының тарих факультетін 1954 жылы тәмамдаған. 1953 жылдың аяғында қазалылық Қаражан Әділбаев есімді мұғалімге тұрмысқа шыққан. Жоғарғы оқу орнын бітірісімен Жаңа Қазалы кентіндегі №420 темір жол мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып орналасқан. Осы білім ордасынан 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Апамыздың әркез ұстаздық қызметі тиісті орындардан бағаланып отырған. Бір адамға жетерлік марапаттарын «тізбелеп айтпай-ақ қой» деп өзін асыра дәріптеуді сүймейтіндігін де білдірген соң ол жөнінен айтуды жөн көрмедім. Жолдасы Қаражан ұстаз 1987 жылы өмірден озған. Қаражан ағамен Үрпатша ападан тараған ұрпақтары Гауһар ата-анасының ізін қуған ұстаз, қазіргі кезде зейнеткер. Сәуербек машинист, Талғат кәсіпкер, Әзиза мұғалім, Жүсіпбек есімді баласы бақилық болған. Он үш немере, жеті шөберенің қызығын көріп отырған кейуана өзін бақытты сезініп, Аллаға шүкірлік етіп, қазіргі кезде құранын, намазын оқып, кәлимасын аузынан тастамай иман ләззатына бөленіп отырғандар қатарында.
Алланың сүйікті елшісі Пайғамбарымыз Үмметтерін Құран оқуға шақырып: «Құранды оқыңдар, себебі, ол қиямет күні өз иелеріне (яғни құранды лайықты түрде оқып, амал қылған кісілерге) шапағатшы болады» деген. Құранда 114 сүре, 6236 аят, 77439 сөз, 323015 әріп бар, әрбір әрпінде сауап бар. Қасиетті кітапты өз дәрежесінде оқығандарға шексіз сауап жазылады. Құран – дертке шипа, жанға дауа. Апамыздың өте қысқа мерзімде қасиетті кітапты игеруіне ұстаздық еткен бауырымыз да өзінің аты-жөнін жарияламауды өтініп, шариғат талабына сай тақуалығын байқатты.
Алла елшісі (с.ғ.с.) «сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренген және басқаларға үйреткендерің» – деген. Жаратушы Иеміз тарапынан апамызға да ұстазына да мол сауаптан болғай демекпіз.Құран бір жазушының романы не бір ақынның өлеңі емес, Алланың сөзі, қияметке дейін бір әрпі де өзгермейтіндігі қасиетті кітапта баяндалған. Ғасыр жасаған адамның аз уақыт ішінде оны еркін игеруі өте сирек құбылыс.
Сауапты амалдардың иесіне сүйсінген аудан бас имамы бастаған діндарлар қауымымен ұстаздары бұл ізгі амалды, кейуананың алғырлығын, сауаттылығын, жан-жақтылығын өзгелерге ой саларлықтай етіп газетке мақала жарияласа қалай болар екен деп ойластық.
Шариғат талабында Алланың разылығы үшін, сауап үшін пенделер тарапынан жасалған істерді жарияға жар салып дәріптеуді де құптай бермейтіндігі де ескерілді. Бұған апаның өзі де «Маған мақтаудың керегі жоқ, қарақтарым! Алла білсе болды. Ақыреттік азығым үшін тоқсаннан ассам да Алланың үйінен діни дәріс алып жүрмін. Бірақ кештеу қалғаныма өкініп те жүрмін» деп әдепкі кезде келісімін де бермеді.
Әйел қыздар ұстаздары мен діни дәріс алушы әйелдер қауымы бұл сияқты сауапты амалдарға «Жасым ұлғайып кетті ғой, еске сақтау, қабылдау жағдайым мәз емес» деп өмірлерін құлшылықсыз өткізіп жүргендерге жақсылықтың ерте кеші жоқ екенін ұғындырып, ой салу үшін қажет болып тұр деп апаны зорға көндірді.
Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйренудің артықшылықтары жайлы да сөз болды. Үрпатша апа бұрынғы өтей алмаған құлшылықтарымен тиісті парыздарын жолдарында шамасына қарай Алласынан кешірім сұрай отырып мешітке дәріс алуға келген сайын діни медресе мен мешіттегі садақа жәшігіне өзінің зейнетақысынан жиған садақасын салумен жүр. Алла өте мейірімді, кешірімді екенінен де хабары мол ұстаздардың ұстазы болған ананың тілегі қабыл болғай.
Үрпатша апаның сөйлеген сөзі нық, айтар сөзі қысқа да нұсқа, көп сөйлеуді, пайдасыз істермен айналысуды жақтыра бермейтінін бірден сезесің де не болса соны сұрай беруді тоқтатасың. Қазіргі кезде кәсіпкер баласы Талғатпен келіні Нәзігүлмен бірге тұрып жатыр. Зер салып қараған адамға бет әлпетінен Алланың кәламының нұры байқалатын жаратылысы ерекше Үрпатша апа жайлы көп айтуға да, жазуға да болады. Бірақ ондайларды апа ұната бермейді.Әлемдердің Раббысы Алла Тағала келімі келген, дұрыс қартая да білген кейуанаға деніне саулық, қуат бергей. Ұнамды, ізгі амалдары өзгелерге жұғысты болғай демекпіз.
Беганыш ЖАҚСЫБАЙ,
аудандық орталық «Жанқожа батыр»
мешітінің баспасөз хатшысы

04 маусым 2024 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031