Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылауды күшейтіп, айыппұл салу керек - Тоқаев автомагистральдар бойынша тапсырма берді

Бақылауды күшейтіп, айыппұл салу керек - Тоқаев автомагистральдар бойынша тапсырма берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шамадан тыс жүк тиеген көп тонналық жүк көліктерін бақылауды күшейтіп, айыппұл салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Автомагистральдарды пайдалану ісіне бақылауды күшейту қажет. Жол жабындысын бұзатын бірнеше тонналық жүк көліктеріне айыппұл салу керек. Қаржы құйып қана қоймай, ғылымның да жетістіктері қолданылатын жоба болғандықтан жоғары сапалы көлік магистралі кез келген дамыған елдің жарқын келбеті саналады.

Сондықтан жол саласындағы қазақстандық компаниялар ғылыми тәсілді қолдануға және инновацияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктерді толық пайдалануы қажет. Жалпы, білімге негізделген экономика құру үшін ғылыми мекемелер мен бизнестің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету маңызды.

Бұл жұмыс барысында ғылыми идеяларды коммерциялық табысты өнімге айналдыратын инновациялық кластерлер, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашылады. Мұндай құрылымдар тиісті жобаларға идеядан бастап оны нарықта жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетуі керек", - деді Мемлекет басшысы.
31 мамыр 2024 ж. 268 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 127

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930