Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, бұршақ: 30 мамырда қандай ауа райы күтіледі?

Жаңбыр, бұршақ: 30 мамырда қандай ауа райы күтіледі?

Фото: Pixabay
Синоптиктер алдағы бейсенбі, 2024 жылы 30 мамырда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, фронтальды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын қалыптастырады, атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғып, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтары антициклонның ықпалында болғандықтан мұнда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың оңтүстік-батысында жел соғады, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1-3 грасу суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады", делінген хабарламада.
Атырау облсының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
"Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі болуы ықтимал деп болжанады", дейді синоптиктер.
30 мамыр 2024 ж. 128 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30