Жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Бұл сұраққа Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басшысы Әсет Қалиев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
«Бүгінгі күні Тараз қалалық №1 көпбейінді ауруханасында жарақат алған 28 науқас бар. Олардың жағдайы қалыпты. Оның ішінде төртеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Бірақ өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Соңғы үш күн бойы көрсетіліп жатқан медициналық көмектің арқасында жағдайларының жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз», деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басшысы Әсет Қалиев.
Алғашқы күні жансақтау бөліміне жарақат алған 6 науқас түскен. Бүгінде олардың екеуі бөлімшеге ауыстырылды.
«Науқастардың жарақаттарын емдеуге мекемеде дәрі-дәрмектер, таңуға арналған медициналық бұйымдардың қоры жеткілікті. Барлығы дәрігерлердің бақылауында. Бірінші күні жағдайды ескере отырып, Ұлттық орталықтан білікті мамандарды шақырдық. Олар келіп кетті. Біздің жасап жатқан ем-домымызбен олар келісті. Алдағы уақытта емдік жұмыстарды жалғастыра береміз», деді дәрігер.
Әсет Қалиев жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан науқастарға қандай диагноз қойылғанын да айтып берді.
«Ауруханада қосалқы жарақаттар алған науқастар да жатыр. Олар күйік шалған, сүйегі сынған, жаралары бар ем алушылар. Ауруханаға түскен кезде жарақат салдарынан оларда шок болған», деді ол.
Ауруханаға бастапқы кезде 98 адам түскен. Байзақ ауданындағы аурухана мен қалалық ауруханаға медициналық көмекке жүгінген пациенттердің жалпы саны 105-ті құрап отыр.