Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет алаяқтардан қалай сақтанамыз?

Интернет алаяқтардан қалай сақтанамыз?

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір цифрландыру, инновация ғасыры. Бұл интернет алаяқтарға да оңай олжа табуға көмектесері сөзсіз. Осындай кезеңді сізді интернеттегі түрлі айлакерлерден тек сауатты болып, сақтықта жүруіңіз ғана құтқарады.

Ендеше ІІМ алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін келесі шараларды сақтауды ұсынады:

- банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан қоңырау түссе, олардың несие рəсімдеу, мүлікті сату немесе ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару сияқты нұсқауларын орындамаңыз.

құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте ұстаңыз.
өзіңіз туралы ақпаратты, банк картаңыздың CVV-кодтары мен қолданылу мерзімін, аударымдар туралы түбіртектерді, СМС-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз;
бөгде адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпаңыз, бұл алаяқтарға сіздің смартфоныңызға кіруге мүмкіндік беруі ықтимал;
тауарлар мен қызметтерді алу кезінде белгісіз жəне тексерілмеген сайттарға сенбеңіз. Тексерусіз алдын-ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасауға келісіңіз;
күмəнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз; Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын жəне ақша салуды жоспарлап отырған жобаны мұқият тексеріп алу қажет;
қосымшаларды орнату үшін тек AppStore, PlayMarket жəне т.б. ресми платформаларды пайдаланыңыз;
төлем жасау үшін белгісіз нөмірлер немесе СПАМ-хабарламалар арқылы келетін сілтемелер бойынша өтпеңіз. Алаяқтар төлем үшін «фишингтік» сілтемеге өтуді ұсынады;
банк қосымшаларына кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, банктер ұсынатын 3D-қорғауды жəне басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
қарыз сұрап жіберілген хабарламаға сенбеңіз, мүмкіндігінше қарыз сұрап жазған адамның өзімен байланысу қажет.
Бұл шаралар өзіңізді алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді.
22 сәуір 2024 ж. 169 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930