Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы жергілікті бақ өкілдерімен кездесті

Аудан басшысы жергілікті бақ өкілдерімен кездесті

Бүгінде қоғамда баспасөз бен тележурналистика, әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды халыққа таратуда үлкен рөл атқарып келеді.
Бүгін осыған орай аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, пікір алмасты.
Кездесу барысында аудан басшысы журналистер қауымымен елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен елдің игілігі үшін істеліп жатқан жобаларды халыққа насихаттау бағытында сөз қозғап, БАҚ-тардағы және интернет ресурстарындағы өңірімізге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Аудан әкімі бүгінде аудандағы барлық сала бойында атқарылып жатқан жұмыстарға әсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына тоқталып, бұл толымды тіршіліктің барлығын халыққа дұрыс насихаттау бағытында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу соңында БАҚ өкілдері де бұл мәселелерге қатысты өз ойларын жеткізіп, елдің игілігіне бағытталған істерде, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып, әрі қарай да бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 сәуір 2024 ж. 247 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930