Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен еркін форматта кездесу өтті

БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен еркін форматта кездесу өтті

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы арқасында #Әлеуметтікжелілер халық арасында тұрақты қоғамдық пікір қалыптастырып қана қоймай, тұрғындардың проблемалық мәселелерін жауапты органдардың жедел қарастыруына да ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде біз күнделікті проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, әлеуметтік желілер арқылы халықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығы күннен-күнге артып келе жатқанын байқаймыз.
Осы ретте, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев та өзінің өткен жылғы және биылғы кезекті Жолдауларында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды айтып, «бұл саяси реформаның бастамасы екендігін атап өткен болатын.
Осыған орай, БАҚ-тардағы және интернет ресурстарындағы өңірімізге қатысты өзекті мәселелерді талқылау, өткен аптада жарияланған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауында айтылған мәселелер бойынша еркін пікір алмасу мақсатында аудан әкімі М.Ергешбаевтың жергілікті БАҚ өкілдерімен және әлеуметтік желі белсенділерімен бейресми кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Жолдаудағы басым бағыттарды талқылап, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын тілге тиек етті. Қоғамдағы өзекті мәселелер туралы бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.
Қоғамда пікір қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік саласында белсенді үлес қосу мәселелері және әлеуметтік желіде жұмыс жасаудың тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалды. Сондықтан осындай еркін форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Кездесу соңында М.Ергешбаев қатысушыларға өзінің алғысын білдірді.
"Қазалы" ақпарат

10 қыркүйек 2020 ж. 718 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930