Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдік жасалды, халық қолданды

Жеңілдік жасалды, халық қолданды

Мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер бар. Жалпақ тілмен айтқанда салық деген ұғым бар. Оның экономикалық мәні халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтау.
2023жылдың 20 наурызында бөлшек сауда салығының мерзімі шектеусіз және арнайы салық режимін қолдана алатын қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілген болатын. Осыған байланысты Салық кодексінің 696-3 бабы, 5 тармағын негізге ала отырып, аймақ кәсіпкерлерінің бизнесін қолдау және салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесін облыс көлемінде 50%-ға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға төмендету мүмкіндігі қарастылған еді.
Осы ретте «Қазалы ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Қазалы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы №52 шешімімен бекітіліп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне №8437-11 енгізілді.
Ауданымызда осы жеңілдікті пайдаланып отырған 14-тен астам кәсіпкер бар. Солардың бірі қазалылық 2001 жылдан бері жеке кәсіппен айналысып жүрген «Азиза М» ЖШС-нің директоры Махантаева Аққағаздан жеңілдікті қашаннан бері қолданып жүргендігі туралы сұрап көрген едік.
–Мен жалпы 1993 жылдан бастап кәсіпкермін. 2001 жылға дейін кішігірім әр түрлі кәсіптермен айналысып жүрдім. Осы ізденісімнің арқасында көп жетістіктерге жеттім деп айтсам артық етпейді. Білім алу, іздену өмір бойына жасалыну керек әрекеттер деп білемін. Міне осы жеңілдікті алғашқылардың бірі болып пайдалануым да осы үздіксіз ізденісімнің арқасы деп ойлаймын. Салықты 2 пайызбен төлеуге мүмкіндігім барда не үшін 3 пайыз төлеп жүрмін деп осы ақпараттарды естіген бойда, 2023 жылдың қараша айының бірінен бастап осы мүмкіндікті пайдаланып отырмын. Осы орайда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жұмыстанып жүрген барша азаматтарға алғыс білдіремін,– дейді кәсіпкер.
Жанна МИХА
09 сәуір 2024 ж. 206 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031