Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифинг өтеді - Қарин

Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифинг өтеді - Қарин

Фото: Kazinform
Орталық коммуникациялар қызметінде құрылған Республикалық ақпараттық штаб БАҚ өкілдерін Су тасқынына қатысты құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.

«Су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылған. Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифингтер жоспарланып отыр», - деді Мемлекеттік кеңесші.

Сондай-ақ ол «24kz» телеарнасының эфирлік уақыты Республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылатынын жеткізді.

«Бұдан бөлек, телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат беріледі», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram арнасында.
07 сәуір 2024 ж. 175 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 131

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031