Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?


ФОТО

Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан Байтул Ғиззаға түсірген қасиетті түн. Мың айдан да қайырлы бұл түнді қалай өткізген дұрыс? Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтынан мәлімет ұсынамыз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін төмендегіше атқаруды үндейді:
1. Бұл түнде Алланың ризалығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек; Құптан, тарауих, тәһәжжуд, тәубе, қажет, қаза намаздарын оқуға тырысу қажет.
2. Құран Кәрім оқу, тыңдау, оны түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс; 
3. Пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт; 
4. Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз; 
5. Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс;
6. Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есепке алып, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт; Осы күнге дейінгі барлық күнәларыңыз бен қателіктеріңізді есіңізге түсіріп, Алла Тағаланың кешіруін сұрап дұға жасаңыз. Себебі барлық күнәларды кешіруші Жалғыз Алла ғана. 
7. Алланы зікір етіп, пікір (терең жақсы ойлану) етіп, Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларына үңіліп (жақсы терең ойланып), иманымызды күшейтуіміз қажет. Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады; 
8. Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға - адамды Ұлы Жаратушыға жақындататын дәнекер. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: 
«Аллаһумма иннәкә ғафу’ун тухиббуль ғафуә, фәғфу анни!».
Мағынасы: «Уа Жаратушы ием! Сөзсіз Сен кешірімдісің әрі кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр! Айша анамыз Алланың Елшісінен: «Қадір түнінде не айтсам болады?», деп сұрағанда, Ол осы дұғаны айтуды кеңес еткен [Әл-Хаким, әл-мүстәдрак –779-баб/№1985-хадис].
Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл мұсылмандардың күнәларының кешірілуін, Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын, елдің амандығын, көркеюін және күллі адамзатты апаттардан сақтауын тілеуіміз тиіс.
9. Шамаңыз келетін көлемде садақа беріңіз және садақаңыздың қабыл болуын сұрап Аллаға жалбарынып дұға етіңіз. Садақаңыз қабыл болса 83 жыл 4 ай үздіксіз садақа берген боласыз. 
05 сәуір 2024 ж. 166 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031