«Қарызсыз қоғам»: Офлайн оқу курсы жалғасып жатыр
Kyzylorda-news.kz Бүгінгі күні халықтың басым бөлігінің басында бірнеше несиеден бар. Яғни қарызы бар адам басын тіктеп емес, қарыздың деңгейінен аса алмайды. Екінші жағынан өтелмей жатқан қарыз кейбір кездері отбасылық жанжалдарға, құқықбұзушылықтарға, айрандай ұйып отырған отбасылардың ажырасуына да әкелуде. Осы мәселені шешу мен алдын-алу мақсатында «AMANAT» партиясы былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады. Жоба қарызды төлеп, аяққа тұруға ғана емес, қаржылық қауіпсіздік құралдарын үйренуге де көмектесуде.
Бес күндік офлайн оқытуда азаматтар қаржылық сауаттылық негіздерін үйренді. Яғни, тәлімгерлер қатысушыларды проблемамен өз бетінше күресуге үйретеді, ол үшін не істеу керегін көрсетеді. Заңгерлер шоттарды бұғаттау, несиелерді қайта құрылымдау, жеке тұлғаларды банкроттыққа беру мәселелері бойынша қолдау көрсетеді. Қаржы нарығын реттеу агенттігімен, банктермен және қаржыгерлер қауымдастығымен қол қойылған меморандум арқылы бұл мәселелер бірлесіп пысықталады.
Егер қаржылық сауаттылығыңызды арттыруды мақсат етсеңіз «AMANAT» партиясының жергілікті жерлердегі филиалдарына жолығып, тіркелуге болатындығын назарларыңызға саламыз!