Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы жаз қандай болады?

Алдағы жаз қандай болады?

Фото
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылдың көктем және жаз айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды
BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мамандарының ақпаратына сәйкес сәуір және мамыр айларында ел аумағының басым бөлігінде ауаның орташа температурасы бір айдағы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері сәуір айында республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп, еліміздің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде - норма шамасында, мамырда жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде климаттық норма шамасында болжанады.

Көктемде ауа райы қысқы тосынсыйлар туындатуы мүмкін. Өйткені өтпелі маусымдықта синоптикалық процестер өте тұрақсыз. Каспидің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен жауын-шашын күтіледі: түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде, ал оңтүстік аймақтарда суық ауа массаларының енуінің салдарынан үсік болуы мүмкін.

Маусым айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, яғни әдеттегіден ыстық, елдің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады.

Шілде, тамыз айларында Қазақстанда ауаның орташа айлық температурасы норма шамасында, тек тамызда - елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде.

Егер жаздың басында маусым айында алдын ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз күтілсе, шілде және тамыз айларында ҚР көптеген облысында жауын-шашын мөлшері норма шамасында және нормадан көп, шілде айында елдің оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, ал тамызда ҚР орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста нормадан аз болады деп болжанады.
02 сәуір 2024 ж. 189 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930