Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұғыл жиын: олқылық орнына келеді деп сенейік!

Шұғыл жиын: олқылық орнына келеді деп сенейік!

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағында Қазақстан халқы тағы бір қиын қыстау кезеңді бастан өткерді. Бүкіл ел алаң күйге түсті . Республиканың түкпір-түкпірінде қызыл су белең алып , маңдай алды бірқатар облыстар тығырыққа тірелді.   Осыған байланысты шұғыл жиын өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынының салдарынан шығынға ұшыраған халықтан кешірім сұрап , үкіметпен әкімдердің немқұрайлылықпен кәсіби міндетке салғырттығы осы жерде айдай анық аңғарылғанын ерекше атап , олардың жұмыстарын сынға алды .
   Жиында аңғарылғандай, Президент пәрмені қатты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмауы кесірінен облыс , аудан тұрғындары зор шығынға батып, ел абыройына нұсқан келгенін қынжыла баяндады.
   Басқосу барысында Президент су тасқынына қарсы дер кезінде әрекет жасай алмағаны үшін премьер- министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға ,Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке сондай-ақ, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының  әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне сәйкес ескерту берді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы шұғыл жиналған басқосуда Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар, Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялап, жауапсыздықтың кесірінен тұрғындар қаншама шығынға батқанын қынжыла жеткізіп, барлық азаматтарға шығын көлемі есептеліп, жан-жақты көмек  көрсетілетінін ортаға салды.
   Жалпы, көктемгі жылда орын алатын жағдай биыл тіптен оңай болмады. Тұрғын үйлер қызыл судың астында қалып, ауыл тұрғындары үлкен шығынға батты .Бұдан бөлек үлкен қалалардың өзі ағысқа төтеп бере алмады. Қысқасы, шығын шаш етектен. Президенттің пәрменімен жасалған шаралар  басқа жауаптыларға сабақ болып, жіберілген олқылықтар ендігі жерде қайталанбаса екен деп тілейміз.
Абай ЕЛЕШ,
аудандық "Толқын" газетінің Бас релакторы 
31 наурыз 2024 ж. 178 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930