Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақстан үш алтын медаль алды

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақстан үш алтын медаль алды

Фото: Азер Казимов
Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» турнирінде Қазақстан құрамасы үш алтын медальді жеңіп алды.
60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов финалда шаршы алаң иесі Азрак Бабировты жеңді. Қазақ боксшысы қарсыласынан үш раундта айқын басымдылық танытты. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласына еш мүмкіндік бермей, ұпай санын жинап отырды. Ал үшінші раундта әзербайжан боксшы «бесінші» бұрышты іздеп, жұдырықтасудан қалды. Жекпе-жектің соңында төрешілердің бірауыздан Сырымбетовтің жеңіске лайық екенін айтты.
71 келі салмақ дәрежесінде Дархан Дүйсебай финалда Өзбекстанның өкілі Бекзод Хамидовтан басым түсті. Отандасымыз алғашқы екі раундта ұпайын түгелдеп, үшінші раундта жақсы тактика қолданды. Ол қарсыласына шегіне жүріп, соққы беріп отырды. Соның нәтижесінде ұпай санын көбейтіп, жеңіске жетті.
92 келідегі Сағындық Тоғамбай да финалда әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Лорен Альфонсо Домингесті жеңді. Қазақ боксшысы кубалық былғары қолғап иесіне  еш мүмкіндік бермеді.  Кубалық қабылан қазақ боксшысының жеңісін мойындады.
Күміс жүлдені Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешев (54 кг) иеленді.
Осы жарысқа барған «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының атқарушы директоры Болатбек Сағымбаевтың айтуынша, финалда өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдешев жеңілген жоқ еді. Алайда төрешілер шешімі басқа болды.
86 кг салмақтағы Бекзат Таңатар қола медальге ие болды. Қазақстан атынан халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі Әлішер Алтаев әділқазылық етті.
29 наурыз 2024 ж. 242 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930