Қазақстан және Жапон ғалымдары бірлесіп археологиялық зерттеулер жүргізеді

Халықаралық ғылыми жобаны жапондық әріптестермен ұтып алған Құрманиязов Ыслам – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің археология және этнография орталығының ғылыми қызметері.
Жобаны Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі қаржыландырды. Токио қаласындағы Мэйдзи университеті, Обсиадан және тастарды зерттеу орталығымен бірлесе 2024-2027 жылдарға берілді.
Ғалымдар Арал маңының ежелгі дәуірлер ескеркіштерін табылған жәдігерлерге архео-ботаникалық әдіс арқылы зертханалық талдау (қыш ыдыстарға) зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі таңда университеттер екі жақты меморандумға қол қоюға дайындық жүргізілуде.
Зерттеушілер құрамына келесі қазақстандық және жапондық ғалымдар кіреді: Эйко Эндо – философия докторы (PhD), Мэйдзи университеті, Обсиадан және тастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Шинья Шода – философия докторы (PhD), Нара ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі және Қорқыт Ата Қызылорда университетінен гуманитарлық ғылымдар магистрі, докторантураның түлегі Ыслам Құрманиязов.



Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университеті
Қызылорда университеті