Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вейп пен лудоманияға байланысты мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

Вейп пен лудоманияға байланысты мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

Фото: Тұрар Қазанғапов
Психоактив заттар мен вейп қолдануға жол бермеу мақсатында қазақстандық мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы  оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік осылайша жасөспірімдерді "нашақорлық, вейп және құмар ойындарға тәуелді болу сияқты жағымсыз заттардан" сақтағысы келеді.

"Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарында полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шаралары қарастырылған. Бұл жұмысқа 90 мың маман, 8 мыңнан аса педагог-психолог және 4 мың әлеуметтік педагог жұмылдырылған", - деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларына балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін әдеттерден қорғау тақырыптары енгізілген:

"Биология" пәнінің (7-9 сыныптар) мазмұнына темекі шегу мен есірткінің адам дамуына зияны тақырыбы енгізілген;
"Салауатты өмір салты" дәрісі "Дүниетану" (1-4 сынып) және "Жаратылыстану" (1-6 сынып) пәндерінің мазмұнына енгізілген.
Сонымен қатар, мектептерде психоактив заттар мен вейп қолдануға  жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

"Оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Денсаулықты нығайту мектебі" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - балаларды, ата-аналарды және мектеп әкімшілігін жұмысқа тарта отырып, оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту. Оларды жаман әдеттерден қорғау", - деді вице-министр.

Жобаға ел бойынша 1200 мектеп қатысады. Алдағы уақытта оған басқа да қазақ мектептерін тартуды жоспарлап отыр.


19 наурыз 2024 ж. 135 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930