Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам өлтіруді ақтауға болмайды – Президент

Адам өлтіруді ақтауға болмайды – Президент

Мемлекет басшысы Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес отырысында Алматыдағы атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік борышын атқарды. Өкінішке орай шабуыл салдарынан қаза тапты. Адам өлтіруді оның қандай да бір себебі болса да ақтауға келмейді. Өркениетті қоғамды мұндай сипаттағы кез келген даулар тек қана құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Бұған қоса, орын алған қайғылы жайттың мән-жайын анықтау керек. Несие берушілер мен проблемалы борышкерлер арасындағы әсіресе, тұрғын үйге қатысты қарым-қатынас өте нәзік мәселе. Бұл заңдық жетілдіруді талап етеді. Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржылық реттеу агенттігіне бір ай мерзімнің ішінде заңнамалық және нормативтік түзетілер топтамасын дайындау тиіс», – Президент.  Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің кепіл саясатына, бағалау қызметін жетілдіруге, жеке сот орындаушылардың жұмысына және өзге де  мәселелерге қатысты екендігін атап өтті. «Мамандар бұл мәселені тағы бір мәрте тыңғылықты зерделеуі тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен Алматы әкімдігі қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуі қажет», – Мемлекет басшысы. 
23 қыркүйек 2021 ж. 398 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 121

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930