Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рамазан – кешірім айы

Рамазан – кешірім айы



Фото: ашық дереккөзден
Рамазан – Алланың мейірімі төгілетін ай. Бұл айда Алла Тағала шынайы тәубе етіп, кешірім сұраған пенделерінің қате-кемшіліктері мен күнәларын кешіріп, мейіріміне бөлейді. Осыған қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммед өз үмбетіне: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйінші хабар жеткізген.
Егер ренжіскен адамдар болса, осы айдың құрметі үшін Алланың разылығын көздеп, бір-бірін кешіріп, татулық пен достық жолын ұстануы қажет. Кімде-кім ренжіткен досын немесе туысын кешірсе, Алла сол адамның дәрежесін арттырып қояды. Бұған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде былай деген: «Өзгелерді кешіргеннің Алла Тағала даңқын арттырады. Ал кімде-кім Алланың разылығы үшін кішіпейілдік танытса, Алла Тағала оны міндетті түрде жоғарылатады».
Кешірім жасау – мұсылманға тән жақсы мінездің бірі. Қазақ халқында мынадай жақсы сөз бар: кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік. Иманды, парасатты адам өзгелердің ерсі, дөрекі әрекеттеріне әдепсіз іспен жауап бермейді. Дөрекі қарым-қатынасқа көркем мінезбен жауап беріп, кешірім жолын ұстанады. Яғни дөрекі мінезді адамның деңгейіне түспей, парасатты, байыпты, иманды қалпында қалады.
Ораза – адамның мінезін жақсартатын, әрдайым кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелейтін теңдессіз құлшылық. Пайғамбарымыз үйреткендей, егер бізге біреу келіп, дөрекілік танытып, ұрыс-керіс бастап, жаман қылық танытатан болса, ондай адамға «мен оразамын» деп айтуымыз қажет. Біз осындай жауабымыз арқылы мәселені көркем түрде шешеміз.
Бұл ай мұсылмандарды жан-жақты ұлылыққа, Аллаға деген сенімімізді күшейтуге, сондай-ақ шариғат қағидасын жөнімен түсінуімізге шақырады. Алла Тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, жөн-жосығымен ауыз бекіткен кісі өзін-өзі тәртіпке шақырып, храм істерден тыйылады. Нәтижесінде, ондай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.
Исламның бес парызының бірі – рамазан айында ораза тұту. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі, ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам – сенімнің жартысы» деген. Оразаны басқа ешқандай қағидалармен салыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке: «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін» – деп айтқаны белгілі. Сондықтан ораза қарсаңында алғаш ауыз бекіткісі келетін бауырларымызға тағы да Алла Тағаланың осы бір үкімін естеріне сала кеткіміз келеді.
Ең алғаш ораза парыз болатын жылы Шағбан айының соңғы күндерінің бірінде пайғамбарымыз Мұхаммед өз сахабаларын жинап алып, Алла Тағаладан уәхи келгенін айтады. Онда ол жаратушының мұсылмандарға оразаның парыз екендігін хабардар етіп, былай дейді: «Ей, адамдар! сендерге мүбәрак айдың, яғни Рамазанның келе жатқанын қуанышпен хабардар еткім келеді. Бұл айда Алла Тағала сендерге ораза тұтуды парыз етті. Осы айда жұмақтың есіктері айқара ашылып, тамұқтың есіктеріне ашылмас құлыптар салынады. Адамды азғырушы шайтандар кісенделеді және бір ерекшелігі оның бір түні (Қадір түні) игілікте мың айдан да хайырлы».
Алла Тағала оразаны бұрын өткен Пайғамбарлардың (ғ.с.) қауымдарына парыз еткеніндей, Мұхаммад үмбетіне, яғни біздерге де рамазан айында 30 күн ораза ұстауды парыз етті. Бұған байланысты Құран Кәрімнің Бақара сүресінде былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! Тақауылықтан үміттерің болса, өздеріңне бұрыңғыларға ораза ұстау парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етіледі».
Биыл сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түні Алла Тағаладан алғаш рет Құран аяттары түсті. Сол себепті бұл түн «Қадір түні» деп аталады.
Ол түннің игілігі мың айдан да артық. Ол түнде Алланың әмірімен бүкіл періштелер және Жәбірейіл періштенің өзі де жерге түседі. Ораза тұтып, Жаратушысын еске алғандардың барлығының тілектерін Алла Тағала қабыл етіп, сол түні таң атқанша Алланың пенделеріне сыйлаған сәлемі, бибітшілігі, тыныштығы жалғасады. Бұл жайт Құран Кәрімнің Қадір сүресінде кеңінен баяндалған.
Олай болса, қадірменді жамағат Алла Тағала келіп жеткен Мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!
Нұрдәулет НӘБИ,
Жанқожа батыр мешітінің бас имамы
12 наурыз 2024 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031