Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақыт белдеуінің өзгеруі: жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтар пайда болды

Уақыт белдеуінің өзгеруі: жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтар пайда болды

Фото:depositphotos.com
Кейбір қазақстандықтар жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтарға тап болды. Ақау уақыттың бір сағатқа артқа жылжуына байланысты туындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz оқырмандары WhatsApp-нөмірге ипотека алуға қатысты қиындықтар туралы хабарлады. Олардың айтуынша, 1 наурызда жаңа "9-20-25" бағдарламасы іске қосылған. Бірақ бірден қиындықтар туындаған. Олар тым көп өтінішті көтере алмаған болуы мүмкін екенін айтады.
Біз "Отбасы банкіне" сұрау жібердік. Банктің баспасөз қызметі 1 наурызда Blockchain технологиясы бойынша кепіл шарттарын электрон тіркеу қызметінің жұмысында техникалық үзілістер болғанын растады.
"Blockchain - бұл дербес деректерді тиімді және қауіпсіз сақтауға және өңдеуге арналған сервис. "Отбасы банкке "бұл сервисті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынады. Ақау уақыт белдеуін ауыстырумен байланысты. Ақпараттың үлкен көлеміне байланысты деректерді синхрондау кешіккен. Кепіл шартын тіркеу тек blockchain көмегімен ғана емес, бұл қызметті нотариустан немесе ХҚКО-дан алуға болатындығын атап өткім келеді. 6 наурызда сағат 10:00-де blockchain сервисі өз жұмысын штаттық режимде қайта бастады",-деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, банк олардың порталы ақаусыз жұмыс істейтінін және 5 наурызда кешке 4500 өтінім сәтті қабылданғанын айтты.
09 наурыз 2024 ж. 252 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 148

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930